Алматы облысында көкек ана 7 айлық нәрестесін жалғыз тастап кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында көкек ана 7 айлық нәрестесін жалғыз тастап кеткен

Алматы облысында көкек ана 7 айлық нәрестесін жалғыз тастап кеткен

Алматы облысының тұрғыны нәрестесінің басын қауіпке тікті деген күдікке ілінді.

  • 19 Қаңтар 2016
  • 379
Фото - Caravan.kz

Қарасай ауданында жергілікті полицияға Іргелі ауылының тұрғыны пәтерді жалға алып, сол жерде сәбиін тастап кеткен азаматшаны табу жөніндегі өтінішімен барған.

Оқиға орнына шыққан жедел-тергеу қызметі бала жылап, көршілердің назарын аудартқанын, сөйтіп, көршілер үй иесін шақыртып, бөлменің есігін сындырып кіріп 7 айлық қызды байқағанын анықтады.

«Белгілі болғандай, анасы тастап кеткен қыз 2015 жылдың мамырында дүниеге келген. Жедел-тергеу шаралары кезінде «көкек ана» табылып, ұсталды. Бұл 22 жастағы Іле ауданының тұрғыны болып шықты» — деді ІІД.

Полицейлер ҚР ҚК  119-бабы бойынша сот алдындағы тергеуді бастап кетті. Күдікті әйелден «келу туралы міндеттеме» алынды.  


«Тергеу уақытында сәби перзентханаға орналастырылды» — деді облыстық полицияда.