Ақтөбелік шенеуніктер сотталғандарға жұмыс тауып бермек - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбелік шенеуніктер сотталғандарға жұмыс тауып бермек

Ақтөбелік шенеуніктер сотталғандарға жұмыс тауып бермек

Ақтөбелік шенеуніктер сотталғандарды еңбекпен қамтымақшы. Ол үшін алғаш рет түрмеде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізді. Дегенмен, оған қатысуға үш-ақ компания келіскен.

  • 20 Қаңтар 2016
  • 159
Фото - Caravan.kz

Олар көше тазалаумен, қаланы көгалдандырумен айналысатын кәсіпорындар болғандықтан, ұсынатындары тек қара жұмыс. Биыл Ақтөбедегі түрмеден жазаның жеңілдетілуіне байланысты жүзге жуық адам бостандыққа шығады деп жоспарланған. Оларды ешкім құшақ жайып бірден жұмысқа алмасы белгілі. Сондықтан шенеуніктер статистикалық көрсеткішіміз бұзылмасын деп, бостандыққа шыққандардың екі қолдарына бір күрек тауып бере алмай жанталасып жатыр. Өйткені көбісінің істі болғандармен байланысқысы жоқ.

Нұрия Әбіләкімова, Ақтөбе қалалық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімі басшысының орынбасары:

Жұмыс берушілер тарапынан әрине қорқыныш та, кедергілер болып жатады аталған тұлғаларды жұмысқа орналастыруда. Бұл кісілерді қоғамдық жұмыстарға бейімдеуге көбінесі сондай жұмыстарға жібереміз.