Мүгедектер ұйымы Мәжіліс сайлауына қатысқысы келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мүгедектер ұйымы Мәжіліс сайлауына қатысқысы келеді

Мүгедектер ұйымы Мәжіліс сайлауына қатысқысы келеді

Парламенттің төменгі палатасы таратылмай жатып, депутаттық мандатқа ие болғысы келетіндер төбе көрсете бастады. Бүгін арнайы баспасөз мәслихатын өткізген мүгедектер ұйымының өкілдері мерзімінен бұрын сайлау өткізуді қолдап отыр.

  • 20 Қаңтар 2016
  • 204
Фото - Caravan.kz

Себебі олар Мәжіліс және Мәслихат сайлауына қатысып, халық қалаулысы атануға үмітті. Мүгедектер туралы конвенцияға сай мүмкіндігі шектеулі жандар Үкіметтің, заң шығарушы органдардың жұмысына белсене қатысуға құқығы бар дейді жиналғандар. Сондықтан депутаттық мандат бұйырып жатса, Мәжіліс мінберінен мүгедектер мәселесін көтеруге мүдделі. Ол үшін еліміздегі саяси партиялардан мүмкіндігі шектеулі жандарды сайлау тізіміне қосуды сұрап отыр.  

Әли Аманбаев, Қазақстан мүгедектер ұйымдары одағының төрағасы:

-Саяси науқанның саяси мәні болады. Саяси жоба болады. Өйткені бұдан тек қана пайда табады. Мысалы бес пайыз болса партиялар 5-6 орын алады. Егер мүгедектер қоғамын қатыстырып солардың дауысын алса, бес пайызды еркін алады.