Алматыда даулы «Оңай» жүйесіне қарсы шыққан жүргізушілер жұмыстан қуылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда даулы «Оңай» жүйесіне қарсы шыққан жүргізушілер жұмыстан қуылды

Алматыда даулы «Оңай» жүйесіне қарсы шыққан жүргізушілер жұмыстан қуылды

«Оңайға» қарсы шыққан жүргізушілер жұмыстан қуылды! Алматыда бірыңғай көлік картасы арқылы төлем жасауға наразы №65 бағыттағы автобусты жүргізген 8 адам жұмыссыз қалды.

  • 20 Қаңтар 2016
  • 173
Фото - Caravan.kz

Таңат Мұсаев, автобус жүргізушісі:

— Халыққа жария қылып, наразылыққа шықанымыз үшін жұмыстан қуып отыр.

Жүргізушілерін автопарктің сыртынан ғана қайтарған мекеме басшылығы бүгін «Оңайға» қарсы адамдарына қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеген еді. Енді олар үлкен шуға себеп болғандардан құтылыпты. Айта кетсек, кеше бір топ автобус жүргізушісі электрондық төлемге наразылық білдірген еді. Олар 23 автобусты жол бойына тізіп қойып, ескі жүйені қайтаруды талап етті. Енді, «Оңайға» қарсы шығамын деп оңбай отыр. Ал, жұмыссыз қалған 8 адаммен қатар №65 бағыттағы автобустың өзге жүргізушілері де жұмыстан кетеміз деп бекінген.

Дәулетхан Көшербаев, автобус жүргізушісі:

— Біріміз бәріміз үшін дейді ғой.  Мына кісілер шықпаса біз де жұмысқа шықпаймыз деген әңгіме болып жатыр.