Жыртқышты қинау мұнымен бітпейді. Оның екі жағының ортасына таяқ қыстырып байлап, үйіне әкелген соң тағы да тепкінің астына алған. Әбден әлсіреген қасқырды тіпті ауладағы итке де талатпақ болады. Қаскөйлер өздерінің қатігез әрекеттерін бейнежазбаға жазып, суретке түсуді де ұмытпапты. Полицейлер арланды қорлағандарды сол бейнежазбаға түсіп қалған көліктің нөмірі арқылы тапқан. Темір тұлпар Сай-Өтес ауылының 39 жастағы тұрғынының атына тіркеліпті. Сол азамат қасқырды достарымен бірге қинаған. Алайда, қылмыстық жауапкершілікке бейнежазбада түрі анық көрінген екі адам ғана тартылмақ. Енді олар 424 мың теңге айыппұл төлейді немесе 118 сағатқа қоғамдық жұмысқа жегіледі.