Қытайдың пиротехника фабрикасындағы жарылыс: 25 зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайдың пиротехника фабрикасындағы жарылыс: 25 зардап шекті

Қытайдың пиротехника фабрикасындағы жарылыс: 25 зардап шекті

Қытайдағы пиротехника фабрикасында болған жарылыстан 25 адам зардап шегіп, тағы 4 адам табылмай жатыр. 

  • 20 Қаңтар 2016
  • 297
Фото - Caravan.kz

Цзянси провинциясындағы (елдің шығысы) пиротехникалық фабрикадағы жарылыстан 25 адам зардап шегіп, тағы 4 адам із-түссіз кеткен. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады. Қазір апат болған жерде құтқарушылар жұмыс істеп жатыр, жарақат алғандардың барлығы ауруханаларға жеткізілді.

Жергілікті биліктің мәліметіне сенсек, фабрикаға жақын маңайдан 1 мың адам қауіпсіз жерге көшірілген. Полиция қайғылы оқиғаны тексеруді қолға алды, ал кәсіпорын басшылары қамалды. 

Қытайда жыл сайын  көктем мерекесіне қарайпиротехника кәсіпорындарының жұмысы қарқын алады. Бұл — қытайдың жаңа жыл мерекесі, ол биыл 8 ақпанда атап өтіледі