ШҚО-да қатты аяз: мектеп пен колледждерде сабақ тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да қатты аяз: мектеп пен колледждерде сабақ тоқтатылды

ШҚО-да қатты аяз: мектеп пен колледждерде сабақ тоқтатылды

Бүгін өңірде ауа райының күрт суытуына байланысты мектептерде сабақтар тоқтатылды, деп хабарлады ШҚО ТЖД-нен.

  • 20 Қаңтар 2016
  • 425
Фото - Caravan.kz

Өскеменде ауаның температурасы -30 градус, онда 1-2 ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушылары үшін сабақтар жүргізілмейді, Семейде одан бір градус төмен — мұнда екі ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары, колледждердің І және ІІ курс студенттері үшін сабақ тоқтатылған.

Зырянда 33 градус аяз, онда 1 және 2 ауысыммен оқитын 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды.

Риддерде 30 градус аяз, 1-2 ауысыммен оқитын  1-11 сынып аралығындағы оқушылар үшін сабақ тоқтатылған.

Өңірдегі 20 қаңтарға арналған гидрометеоболжам: солтүстіктен 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауаның температурасы 33-38 градус, кей жерлерде 23-28 градус, күндіз — 25-30 градус, кей жерлерде 15-20 градус аяз болады, жауын-шашынсыз, кейбір жерлерде тұман түседі.