Қазақстан мен Қытай 52 жоба бойынша шартқа қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Қытай 52 жоба бойынша шартқа қол қойды

Қазақстан мен Қытай 52 жоба бойынша шартқа қол қойды

Қазақстан мен Қытай өткен жылы жалпы сомасы 24 миллиард долларды құраған 52 ірі жоба бойынша шарт жасасты.

  • 20 Қаңтар 2016
  • 484
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін көршілес мемлекеттің елшісі Чжан Ханьхуэй «Бір белдеу – бір жол: Қытай Халық Республикасының қазіргі сыртқы экономикалық саясаты» атты халықаралық конференциясында мәлім етті. Дипломаттың пікірінше, қазақ елінің Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің құрылтайшы-мүшесіне айналуы қаржы саласындағы қос тараптың ынтымақтастығын одан әрі өрбітеді. «Жібек жолы» экономикалық белдеуінің құрылысы да осы бағыттағы қарым-қатынастарды дамытуға зор үлес қосады», — дейді Қытай елшісі. Чжан Ханьхуэй, ҚХР Қазақстандағы өкілетті және төтенше елшісі: — Менің ойымша, біз бірлесіп жүзеге асыратын жобалар екі елдің экономикасына да тиімді болады. Айта кетсек, өткен жыл Қазақстан мен Қытай үшін оңайға соқпады. Әлемде болып жатқан экономикалық ахуал ешкімге де әсер етпей қоймайды. Бірақ Қазақстан Үкіметі қабылдаған шешімдер, іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар экономиканың тұрақты қалыпта дамуына серпін бермек.