Кукушкин «Australian Open»-нің бірінші айналымында ұтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+3 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кукушкин «Australian Open»-нің бірінші айналымында ұтылды

Кукушкин «Australian Open»-нің бірінші айналымында ұтылды

Австралияда Үлкен шлемнің маусымдағы бірінші жарысы жалғасы жатыр, деп хабарлайды Sports.kz.

  • 20 Қаңтар 2016
  • 287
Фото - Caravan.kz


Ерлер арасындағы жұптық разрядтың бірінші айналымының матчында қазақстандық Михаил Кукушкин мен австралиялық Рамиз Джунад итальяндық Симоне Болелли мен Фабио Фоньиниден 6:7 (1), 6:3, 3:6 есебімен ұтылды.

Қазақстандық пен австралиялық спортшы бірінші сетті Джунадтың доп берісінде бірнеше сет-болға ие бола тұрып, ұтылды. Ойынның екінші жартысы олар үшін одан табыстырақ өтті, ал соңғы партияда итальяндықтар ширақтық танытып, қарсыластарының мысын басты.