Павлодардағы зауытта болған апаттың себептері анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодардағы зауытта болған апаттың себептері анықталды

Павлодардағы зауытта болған апаттың себептері анықталды

Павлодардың «Нефтехим» LTD зауытында екі адамның өмірін қиған оқыс жағдайға қатысты тексеру жұмыстары аяқталды. Төтенше жағдайдың себептерін зерттеген арнайы комиссия «апатқа жүз пайыз жұмыс беруші тарап кінәлі» деген қорытынды шығарды. Өрттің шығуына төрт жағдай себеп болған көрінеді: технологиялық процестің бұзылуы, жабдықтардың тапшылығы, жұмысты ұйымдастырудың нашарлығы және жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігін сақтамауы. Барлық материалдар құқық қорғау қызметкерлеріне табысталды, енді тергеу жұмыстарын мамандар жалғастырады. Естеріңізге сала кетейік, 3 қаңтарда «Нефтехим» LTD зауытының қоймасынан шыққан өрттен екі кісі қаза тауып, 3 жұмысшы ауыр жағдайда қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған болатын. Қазір екі науқас Астанадағы республикалық күйік орталығында емделіп жатыр.

  • 20 Қаңтар 2016
  • 263
Фото - Caravan.kz


Ерхан Кокубаев, Павлодар облысы бойынша өндірістік қауіпсіздік департаменті жетекшісінің орынбасары:

— Тергеу жұмыстарының қорытындысы бойынша, жұмысты ұйымдастырудың өз деңгейінде атқарылмағаны анықталды. Жабдықтардың құрылымдық тапшылығы, жұмыс беруші жақ яғни шеберлер, бөлім бастығы, жалпы жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтамаған. Тексеру жүргізген комиссия жүз пайыз кәсіпорын кінәлі деген қорытынды шығарып отыр.