Семейде тұрғындары үйлерінің азынап кеткенін айтып наразылық білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде тұрғындары үйлерінің азынап кеткенін айтып наразылық білдірді

Семейде тұрғындары үйлерінің азынап кеткенін айтып наразылық білдірді

Семейліктер аязды күні үйлерінің азынап кеткенін айтып, наразылық білдірді. 9 қабатты 6 үй тұрғындарының айтуынша, қазір пәтерлеріндегі сынап бағаны 15 градусты көрсетіп тұр. Сондықтан жұрт тоқ пештерді қосуға мәжбүр. Жауапты мамандар бұған жылу қазандығындағы жөндеу жұмыстары себеп дейді.

  • 21 Қаңтар 2016
  • 144
Фото - Caravan.kz

372 пәтердің тұрғындары қабат-қабат киініп, бүрсең қағып отыр. Іштегі жылу 15 градустан ары асқан емес. Тоқ пештерін өшірсе тіпті 8 градусқа дейін төмендейді.

Бану Қалманбетова, Семей қаласының тұрғыны:

-09-ға хабарласып едім, олар жылу мекемесіне айтыңыз деді. Сұрасаң бізде бәрі жақсы дейді. Дұрыс жауапта бермейді. Одан кейін, жылу мекемесіне хабарластым олар 09-ға сілтеді. Сонымен қойдым.

Тұрғындар жылудың жырын түсіндіретін шенеунік табылмағанына қайран қалып отыр. Ақыры, өз кінәларын мойындағысы келмеген жауапты мекемелер барлығын пәтер иелері кооперативіне арта салды, дейді жұрт . Ал ондағылар өздерінен кеткен ақау жоқтығын айтып ақталып әлек.

Вячеслов Жердев, пәтер иелері кооперативінің төрағасы :

-Қазір бізде қысым 59-ды көрсетіп тұр. Ол жылу үйлерге көтерілгенде 45-ке дейін төмендеп кетеді. Өйткені, өте әлсіз. Ал, жылуы жақсы үйлерде бұл қысым 70-тің үстінде тұрады. Сондықтан кінә жылу берушілерден.

9 қабатты 6 баспананың тұрғындарына жылудың толық мөлшерде жетпегені жылу қазандығынан болып шықты. Қазір онда әлсіз тұстарын ауыстыру дереу қолға алыныпты. Ақталудан амалы таусылған атқамінерлер жылу қазандығындағы жөндеу жұмыстарының қашан аяқталатынын дөп басып айтпады. Бірақ дүрліккен жұртты қыстың көзі қырауда жылусыз қалдырмаймыз деп сендірді.