— Біреуін ұрайық болды. Тоқта ей, соғыстырамыз. Мына алқаш ұрып жатыр ғой. Біздің Зарина деген алқашымыз.
Сөйтсе, Астана қаласының 34 жастағы тұрғыны қыздарын ойнатып, ішімдіктің орнына минералды су қолданған екен. Ал өзін елге масқара етіп, бейнежазбаны заңсыз жариялаған интернет қолданушының үстінен шағымданған. Енді тәртіп сақшылары «бейәдеп әкені» емес, видеоны интернетке салып, елді шулатқан адамның өзін іздеп жатыр. Сондай-ақ, бейнероликтегі бөтелкеде шын мәнінде қандай сұйықтық болғанын анықтау үшін де арнайы сараптама жүргізілмек.