Тар көшеде бір-бірін басып озып, құйғытып келе жатқан шағын автобустың бірі алдынан адам шығып кілт тоқтап қалған екен. Артындағысы сол мезетте соғылған. Кондуктор әйелдер апатқа бірін-бірі кінәлап жұлыса кетіпті. Екі әйелдің жанжалына рөлде отырған жүргізушілер де кірісіп соңы жаппай төбелеске ұласқан. Жаға жыртысқандарды маңайындағы жұрт әрең ажыратып алды.
Руслан Тайтелиев, қоғамдық көлік жүргізушісі:
-Ол машина менің артыма кіріп кетті. Содан кейін оның кассирі келіп, маған бетімді тырнап, сосын содан басталды төбелес. Қолынан тырнап алған. Бетіне түкіріп, балағаттап боқтап балағаттап жатты.