Жамбылдағы дәретханадан табылған сәбиді құтқару операциясының видеосы пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбылдағы дәретханадан табылған сәбиді құтқару операциясының видеосы пайда болды

Жамбылдағы дәретханадан табылған сәбиді құтқару операциясының видеосы пайда болды

Тілшілерімізге Жамбылдағы дәретханадан табылған сәбиді құтқару операциясының бейнежазбасы түсті. Онда нәжіске малынған бүлдіршінді шұңқырдан алып шығу қиындық тудырғаны анық көрінеді.  

  • 21 Қаңтар 2016
  • 234
Фото - Caravan.kz

Ермек, тірі ме? Орасай, қорықпаңдар, түсіресіңдер қазір!

Екі апта бұрын тас жолдың бойындағы коғамдық әжетханадан жаңа туған сәби табылған. Шұңқырдың айналасы бетон болғандықтан, құтқарушылар оны бұзып кіре алмапты. Себебі ішінде жатқан сәбидің өміріне қауіп төнген. Дәрет сындыратын тесіктің де тарлығынан ересек адамдар төменге түсе алмай әуреге түсті. Ақыры, тәуекелге бел буған төтенше жағдай қызметінің маманы қуықтай тесіктен балаға жеткен. Ермек Меңдібаев шақалақ еш қимылсыз жатқандықтан оны шетінеп кетті деп ойласа керек. Тек нәрестені қолға алғанда ғана дауысын естіген. Аты Жансая деп қойылған қыздың жағдайы қазір тәуір. Ал оның 21 жастағы анасына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.  

-О, жарайсың Ермек! Міне, батыр. Фельдшер, Ермек батырсың нағыз.