Ғалымдар: Күн жүйесінің тоғызыншы планетасы табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғалымдар: Күн жүйесінің тоғызыншы планетасы табылды

Ғалымдар: Күн жүйесінің тоғызыншы планетасы табылды

АҚШ-та Калифорния технологиялық институтының ғалымдары Майкл Браун мен Константин Батыгин Күн жүйесінде жерден салмағы 10 есе артық алып планетаның бар екендігіне дәлелдер ұсынды, деп жазады Би-Би-Си агенттігі.

  • 21 Қаңтар 2016
  • 326
Фото - Caravan.kz

Зерттеушілердің Astronomical Journal басылымына жазған мақаласында, планета Нептунға қарағанда жерден 20 есе алыста екендігі айтылып, ол ғарыштың қашық тұсындағы шағын денелерді зерттеу кезінде ғана анықталғандығы көрсетілген.

Майкл Браун «жұмбақ планетаның» бар екендігіне телескоппен көрмей ешкімнің сенбейтінін айтады, алайда аспан денесін қазіргі оптика көрсете алмайтын болып шықты.

Бұған дейін Күн жүйесінің ең қашық планетасы Плутон саналып келді, 2006 жылы Халықаралық астрономиялық одақ оны «кішкене планета» деп атап, одан планета мәртебесін алып тастау туралы шешім қабылдаған.