Қазақстан мәжіліс пен мәслихат сайлауын өткізу үшін 8 млрд теңге жұмсайды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мәжіліс пен мәслихат сайлауын өткізу үшін 8 млрд теңге жұмсайды

Парламент мәжілісі мен мәслихат сайлауын қатар өткізу мемлекетке 4,8 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік береді, деп хабарлады ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.
"Мәжіліс пен мәслихат сайлауын қатар өткізуге 8 млрд шамасында теңге жоспарланған. 4,8 млрд теңге дегеніңіз шартты үнем болмақ. Ал бұл сайлауды бөлек-бөлек өткізгенде 12,8 млрд теңге жұмсайтын едік», деді ол Астанада бейсенбіде баспасөз мәслихатында.
2012 жылы мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізуге 5,2 млрд теңге жұмсалған болатын.
Өткен сәрсенбіде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бесінші шақырылымдағы мәжілістің өкілдігін мерзімнен бұрын тарату туралы жарлыққа қол қойды. Партиялық тізім бойынша сайланатын мәжіліс депутаттарының сайлауы 20 наурыз күнге белгіленген, Қазақстан халқы Ассамблеясының сайлауы -2016 жылдың 21 наурызына.
Партиялық тізім бойынша депутаттыққа кандидаттарды ұсыну 20-қаңтар күні басталып, 8-ақпан күні аяқталады.
Мәжілістің депутаттық корпусы 107 адамнан құралған.
Алдыңғы мәжіліс сайлауы 2012 жылы қаңтарда өтті.

  • 21 Қаңтар 2016
  • 587
Фото - Caravan.kz