Ұлттық банк ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасы талаптарын жұмсартпақ - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық банк ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасы талаптарын жұмсартпақ

Ұлттық банк ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасы талаптарын жұмсартпақ

Ұлттық банк ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасы талаптарын жұмсартпақ. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев хабарлады.
«Бағдарлама әзірленген кезде кейбір маңызды мәселелер ескерілмеген (...) Қазір біз бағдарлама талаптарын жұмсартуға күш салып жатырмыз және несие алған қалың жұртшылықтың проблемаларын шешіп береміз деп сенеміз», - деді Д.Ақышев бейсенбідегі баспасөз мәслихатында.
Айтуынша, қазіргі таңда Ұлттық банк бағдарламаға қатысатын банктер тізімін кеңейтіп, банктердің қаржыны игеру мерзімін 2016 жылдың желтоқсанына дейін ұзартуға және бір-бірімен туыс бірнеше отбасы тұратын жалғыз баспанаға қойылған шектеулерді алып тастау мүмкіндіктерін қарастырып жатыр.
«Сондай-ақ, бағдарламаға қатысты басқа да өзгерістер қаралып жатыр. Бірақ бұл Ұлттық банк пен үкіметтің қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты нәрсе (...) Өзгерістерді мейлінше тез арада енгіземіз деп ойлаймын. (...) оны 2016 жылдың ақпанында қарауға болады», - деді Д.Ақышев.
Бұған дейін хабарланғандай, мемлекеттік бағдарлама бойынша жыл басынан бері 6759 займ қайта қаржыландырылды. Олардың жалпы сомасы 33,7 млрд теңге.

  • 21 Қаңтар 2016
  • 572
Фото - Caravan.kz

Ұлттық банк ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасы талаптарын жұмсартпақ. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев хабарлады.


«Бағдарлама әзірленген кезде кейбір маңызды мәселелер ескерілмеген (…) Қазір біз бағдарлама талаптарын жұмсартуға күш салып жатырмыз және несие алған қалың жұртшылықтың проблемаларын шешіп береміз деп сенеміз», — деді Д.Ақышев бейсенбідегі баспасөз мәслихатында.
Айтуынша, қазіргі таңда Ұлттық банк бағдарламаға қатысатын банктер тізімін кеңейтіп, банктердің қаржыны игеру мерзімін 2016 жылдың желтоқсанына дейін ұзартуға және бір-бірімен туыс бірнеше отбасы тұратын жалғыз баспанаға қойылған шектеулерді алып тастау мүмкіндіктерін қарастырып жатыр.
«Сондай-ақ, бағдарламаға қатысты басқа да өзгерістер қаралып жатыр. Бірақ бұл Ұлттық банк пен үкіметтің қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты нәрсе (…) Өзгерістерді мейлінше тез арада енгіземіз деп ойлаймын. (…) оны 2016 жылдың ақпанында қарауға болады», — деді Д.Ақышев.
Бұған дейін хабарланғандай, мемлекеттік бағдарлама бойынша жыл басынан бері 6759 займ қайта қаржыландырылды. Олардың жалпы сомасы 33,7 млрд теңге.