С.Кулагин Мемлекет басшысына аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы баяндады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
С.Кулагин Мемлекет басшысына аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы баяндады

С.Кулагин Мемлекет басшысына аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы баяндады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагинмен кездесті.

  • 21 Қаңтар 2016
  • 316
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Кездесуде С.Кулагин Мемлекет басшысына аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын, сонымен қатар алдағы уақыттағы міндеттер жайлы баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев бүгін облыстар арасындағы тауарлық өзара ауысымды оң жолға қойып, осы мақсатпен әр аймақта өндіріс пен тұтыну балансын жүргізу керектігін атап өтті.   

Ақмола облысының әкімі 2015 жылғы өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсімі  6,9%, ауыл шаруашылығы өнімінің өсімі 2,1%, құрылыс жұмыстарының өсімі 6,1% құрағанын жеткізді.

С.Кулагин өңірдегі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар жайлы айтты.

Сондай-ақ Елбасына Индустрияландыру картасын жүзеге асырылу барысы жайлы ақпарат айтылды.  Осылайша, соңғы екі жылда индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жалпы сомасы 63,6 млрд теңгені құрайтын 21 жоба енгізілді. Сөйтіп 1,7 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.


Сонымен бірге, Астананың «азық-түлік белдеуі» аясында перспективалық жобалар талқыланды.  

Жиын қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар тапсырма жүктеді.