Оның сөзінше, мұндай дертке шалдыққан алғашқы Қырғызстан азаматы 1996 жылы тіркелген. Қазір, ресми дерек бойынша АИВ/ЖИТС ауруларын жұқтырған 6 110 адам тіркелген, оған дерттен өлгендер саны да кіреді. 416 адам аурудың соңғы кезеңін бастан өткеруде. АИВ/ЖИТС 4 061 ер және 2049 әйел адамнан анықталған. Қалған 554-і — балалар. Мамандар АИВ/ЖИТС-пен ауыратындардың бейресми саны бұдан да көп деп топшылайды.