Конституциялық Кеңес мүшесі А. Жайылғанованың өкілеттігі тоқтатылады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Конституциялық Кеңес мүшесі А. Жайылғанованың өкілеттігі тоқтатылады

Конституциялық Кеңес мүшесі А. Жайылғанованың өкілеттігі тоқтатылады

Бүгін Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысы болып өтті. Онда ҚР Конституциялық Кеңесі мүшесі Анар Жайылғанованың өкілеттігін тоқтату туралы мәселе қаралды.

  • 25 Қаңтар 2016
  • 633
Фото - Caravan.kz


Айта кетерлігі, Конституциялық Кеңес Төрағасының атынан Сенатқа Кеңес мүшесі Анар Жайылғанованың өкілеттігін тоқтату туралы ұсыным жасалған. Өйткені, Анар Жайылғанова «Нұр Отан» саяси партиясының мүшелігіне өтуге ниет білдірген. Осыған байланысты Сенат комитеті А. Жайылғанованың өкілеттігін тоқтату туралы ұсынысты қолдады. Аталған мәселе Сенаттың алдағы уақытта өтетін жалпы отырысына  шығарылатын болады.