Қарағандыда көпқабатты үйдің пәтерінде газ баллоны жарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда көпқабатты үйдің пәтерінде газ баллоны жарылды

Қарағандыда көпқабатты үйдің пәтерінде газ баллоны жарылды

Жойқын соққыдан пәтердің күл талқаны шығып, екі адам ауыр жарақат алған.

  • 26 Қаңтар 2016
  • 179
Фото - Caravan.kz

4-ші қабаттағы жарылыстың күшті болғаны соншалық, пәтерге көршілес жатқан тағы үш баспананың қабырғалары қақырап кеткен. Тіпті жапсарлас орналасқан пәтердегі 6 жасар бала да жеңіл жарақат алыпты. Ал жарылыс болған үйдің қабырғалары мен дүние- мүліктің күл талқаны шыққан. Төтенше жағдайлар бойынша мамандар қатты толқыннан кем бегенде екі баспананың тірек қабырғалары ойысқан дейді. Жергілікті билік ол ғимараттарды қалыпқа келтіруге көмектесуге уәде етті. 

Берік Түлеубаев  Х. Мақажанов атындағы клиника директорының орынбасары:

-Зардап шеккендердің айтуынша олар газ баллонын жылу батереясының жанына қойған екен. Өздері басқа бөлмеде болған. Ер адамның денесі 90, ал әйелдің денесі 50 пайызға күйіп қалған.