Депутат болғысы келетіндер бар байлығын жасырмай жариялауы тиіс - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Депутат болғысы келетіндер бар байлығын жасырмай жариялауы тиіс

Депутат болғысы келетіндер бар байлығын жасырмай жариялауы тиіс

Парламенттегі орынтақтан үміткерлер декларация тапсыруға әзірленіп жатыр. Жиған-тергенін кандидат қана емес,  олардың жұбайы да тізіп беруі керек.  

  • 26 Қаңтар 2016
  • 142
Фото - Caravan.kz

Ал декларациядағы мәліметтер салық комитетінің сүзгісінен өтетінін ескерсек, өтіріқ ақпарат анықталса кандидат тіркеуге алынбайды. Бірақ, бұл отбасылық дүние-мүліктің құны белгілі бір сомадан асып кетпеу керек деген сөз емес. Әзірге наурыздың 20-на белгіленген мерзімінен бұрын өтетін сайлауға бірнеше партия қатысатындықтарын мәлімдеп үлгерді. Қалған саяси күштер құрылтайға дайындалуда. Мәжіліс пен Мәслихат сайлауына бюджеттен 8 миллиард теңге бөлінгенін айта кетейік. Орталық сайлау комиссиясындағылар дағдарыс кезінде қыруар қаржыны үнеммен жұмсауға кеңес беріп отыр. 

Қуандық Тұрғанқұлов, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

Сайлауға бөлінген қаржыны үнемдеу үшін қатаң қаржылық бақылау қажет. Қазіргідей қиын жағдайда қаражаттың тиімсіз жұмсалуына жол бермей, әрбір тиынды мақсатты түрде пайдалану керек.