Ақтөбеде көктайғақтан тайып құлағандар ауруханаға сыймай жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде көктайғақтан тайып құлағандар ауруханаға сыймай жатыр

Ақтөбеде көктайғақтан тайып құлағандар ауруханаға сыймай жатыр

Ақтөбеде көктайғақтың кесірінен жарақат алғандар ауруханаға сыймай жатыр. Соңғы бір аптада мұнда 400-ден аса адам келіпті. Дәрігерлер орынның жоқтығынан көбін үйлеріне кері қайтаруға мәжбүр. Сондай-ақ құтқарушыларға да тыным жоқ. Себебі, ауа райының қолайсыздығынан ондаған көлік аударылып қалған.

  • 26 Қаңтар 2016
  • 251
Фото - Caravan.kz

Ақтөбедегі облыстық жедел жәрдем ауруханасының қабылдау бөлімінде ине шаншар орын жоқ. Мұнда жеткізіліп жатқандардың дені көк мұзда тайып, жарақат алғандар. Дәрігерлердің өздері бір мезетте осыншама науқасты бұрын-соңды қабылдап көрмеген. Сүйегі сынғандарды ауруханаға сыйдыра алмай жатыр. Сондықтан гипс салып, үйлеріне қайтаруға мәжбүр.

Мұхтар Мырзабаев, дәрігер-травматолог:

-Төрт жүздің үстінде адам келіп қаралды. Соның жүз адамы амбулаториялық емге жіберілді. Елу адамын әр бөлімшелерге жатқыздық. Соның ішінде үлкен жастағылары.    

Құтқарушылар да бірнеше күннен бері жол бойында тыным таппай жүр. Себебі көктайғақтан ондаған жүк көлігі жолдан ауып кеткен. Енді сол аударылған машиналарды сүйреп әлек.


Құтқарушылар көлік жүргізушілерінің өздерін кінәлайды. Себебі, ескертуді елемей, көк мұзға қарамастан көбі жылдамдықтарын арттырады екен. Дегенмен, қазір Ақтөбеден шығатын барлық жолдар ашылды.