«Фольксваген Пассаттан» түтін шыққанын көрген жүргізушісі көпірге аялдап, өрт сөндірушілерге хабарласқан екен. Дегенмен онысынан түк шықпады. Тұтанған от жанармай багыне тиіп жарылды. Көліктің енді құр қаңқасы ғана қалған. Мамандар өрттің нақты себебін әлі айта алмады. Дегенмен электр сымдары тұйықталған болар деп болжады .