АҚШ-та толассыз жауған қардың кесірінен қаза тапқандар саны 41-ге жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-та толассыз жауған қардың кесірінен қаза тапқандар саны 41-ге жетті

АҚШ-та толассыз жауған қардың кесірінен қаза тапқандар саны 41-ге жетті

АҚШ-та қардың қалың түсуінен қаза тапқандар саны 40-қа жетті, деп хабарлады Ассошиэйтед Пресс агенттігі.

  • 26 Қаңтар 2016
  • 283
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын қаза тапқандар саны 37-ге жетті деп хабарланған.

Адамдардың қайтыс болу оқиғалары негізінен жол апаты, иіс тию салдарынан орын алды. Өлім-жітім Вашингтон, Делавэр, Кентукки, Мэриленд, Нью-Джерси, Нью-Йорк, Оңтүстік және Солтүстік Каролина, Огайо, Пенсильвания, Теннесси, Виргинияда тіркелді.

Штаттарда 22 қаңтарда басталған толассыз қар салдарынан АҚШ-тың 90 миллион тұрғыны құрсауда қалды. 11 штатта билік Төтенше жағдай режімін енгізді. Вашингтонда көлік қатынасы тоқтатылып, Нью-Йоркте көшеде автомобильдерге жүруге тыйым салынды. Нью-Джерси мен Нью-Йорк билігі тұрғындарды көшеге шықпауға шақырды.

Жергілікті БАҚ хабарламасы бойынша ауа райының қолайсыздығы салдарынан кей аудандарда қар 70 сантиметрге жетіп, 200 мыңдай үй жарықсыз қалған, су  тасқыны қаупі артты.