Астанада семинар барысында оқытушылар «Тазалаушы» роботты құрастыруды үйренді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада семинар барысында оқытушылар «Тазалаушы» роботты құрастыруды үйренді

Астанада семинар барысында оқытушылар «Тазалаушы» роботты құрастыруды үйренді

Елордалық мектептерде жұмыс дағдысын кеңейту үшін түрлі семинарлар мен тренингтер өткізіледі. Тиісті шаралар барысында олар жаңа

  • 26 Қаңтар 2016
  • 459
Фото - Caravan.kz

білім алады. Басым салаларға компьютерлік технологиялар, соның ішінде робототехника жатады. Робототехника — өндірістің маңызды техникалық негізі болып табылатын автоматтандырылған техникалық жүйелер құрастырумен айналысатын қолданбалы ғылым.

22-24 қаңтар аралығында №76 мектеп-лицейде «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының қатысуымен қалалық мектеп оқытушыларына арналған «Қазіргі заманғы мектептегі робототехника» атты семинар өтті. Семинарға елордалық мектептерден 37 педагог қатысты.

Семинардың мақсаты — оқытушылар мен оқушыларды робототехника саласындағы зерттеулерге, техникалық ақпарат пен бастапқы инженерлік біліммен алмасуға тарту, жаңа ғылыми-техникалық идеяларды дамыту.

Семинарға қатысушылар роботоплатформаның құрамдас бөліктерін басқаруға мүмкіндік беретін бағдарламалаудың және бағдарламалар жазудың негізгі түсініктерімен танысты.  Робототехникалық конструктордың негізінде 3D-модельдеуді де үйренді, 3D-құрастыру мен 3D-баспаның негізгі түсініктері тәжірибе жүзінде түсіндірілді. Семинар соңында қатысушылар пультпен басқарылатын жолдағы кедергілерді көріп, автоматты түрде жарықты қосатын қарапайым «Тазалаушы» роботты құрастырды, деп жазады astana.kz.