Шымкентте үкіммен келіспеген қылмыс әлемінің серкесі аштық жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте үкіммен келіспеген қылмыс әлемінің серкесі аштық жариялады

Шымкентте үкіммен келіспеген қылмыс әлемінің серкесі аштық жариялады

Шымкентте қылмыс әлемінің серкесі Бондо Стуруаға қатысты үкім шықты. «Бондо Қазақстандық» деген лақап атымен белгілі 42 жастағы азамат пен оның жанындағы серігіне тағайындалған жаза оқыла бастағанда, олар аштық жариялайтындарын айтып шала бүлінді.

  • 27 Қаңтар 2016
  • 189
Фото - Caravan.kz

-Аштық жариялаймыз. Өйткені бұл үкім бос сандырақ. Бізге тағылған айыптың бәрі арнайы қызметтердің қасақана ұйымдастырған ісі деп біліңіздер.

Тәртіп сақшылары Бондо Стуруа мен көмекшісі Андрей Ли екеуін сот залынан әрең алып шықты. 2 жыл бойы бұлардың адымын аңдыған Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа 15 томдық қылмыстық іс өткізген. Өмірінің жартысын еліміздің түрмелерінде өткізген Бондоға екі жыл бұрын бүкіл Қазақстан абақтыларының «бақылаушысы» деген атақ беріліпті. Темір тордың арғы жағында отырып-ақ отандық түрмелерге телефон арқылы әмірін жүргізген Бондоға халықаралық қылмыстық топ құрды және жазасын өтеушілерден ақша бопсалады деген айып тағылды. Сондай-ақ, колония әкімшілігіне бағынудан бас тартқаны үшін де жазасы ауырлапты. Енді ұлты грузин «Бондоның» түрмеде әмір ете қоюы екіталай. Өйткені алдағы 22 жылын ең ауыр қылмыс жасағандар отыратын, тәртібі де өте қатал, айрықша түрмеде өткізеді. Ал сыбайласы тек 7 жыл арқалады.