Көлік апатынан «ҚазТрансОйл» филиалының 9 қызметкері зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көлік апатынан «ҚазТрансОйл» филиалының 9 қызметкері зардап шекті

Көлік апатынан «ҚазТрансОйл» филиалының 9 қызметкері зардап шекті

2016 жылғы 26 қаңтарда таңертеңгі сағат 8.43-те Омбы-Павлодар автожолында «ҚазТрансоОйл» АҚ Шығыс филиалының Павлодар мұнай құбыры басқармасының автобусы апатқа ұшырады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

  • 27 Қаңтар 2016
  • 334
Фото - Caravan.kz

Кеңседен шығып, қызметкерлерді «Павлодар» БМАС-қа жұмыс орнына апару үшін тас жолмен Павлодар жаққа шыққан автобус  КАМАЗ жүк көлігімен соқтығысты.

Автобуста 12 адам болған. Оқиға орнынан жүргізуші, барлық 11 адам тексеруден өту үшін медициналық мекемеге жеткізілді.

Алдын ала деректер бойынша 3 адам ауыр жарақат, 6 адам жеңіл жарақат алған. Үшеуі жарақат алмаған. Қаза тапқандар жоқ.

Апат себебін тергеумен Павлодар қаласы әкімшілік полиция бөлімі айналысуда.


Белгіленген тәртіпте «Павлодар облысы Еңбек инспекциясы басқармасы» ММ хабарлама жіберілді.

Жазатайым оқиға фактісі бойынша Еңбек кодексіне сәйкес арнайы тергеу жүргізілді.