Сенегалда көрші елдегі лаңкестіктен кейін 900 адам тұтқындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенегалда көрші елдегі лаңкестіктен кейін 900 адам тұтқындалды

Сенегалда көрші елдегі лаңкестіктен кейін 900 адам тұтқындалды

Сенегалда полиция Буркина-Фасо және Малиге шабуылдан кейін арнайы операция аясында 900  адамды тұтқындады, деп хабарлайды Би-би-си.   

  • 27 Қаңтар 2016
  • 231
Фото - Caravan.kz

Биліктің айтуынша, лаңкестікпен байланысы жоқ тұтқындау шарасы Дакарда және Тиес қаласында демалыс күндері жүргізілді.  

Исламшылар мойындарына алған Малидегі қонақүйге, сондай-ақ Буркина-Фасодағы қонақүй, мейрамханаға жасалған шабуыл өңірдегі қауіпсіздік шараларын күшейтуге негіз болды.

Сенегал салыстырмалы түрде ғана қауіпсіз орын саналады, алайда ел атақты туристік орын болып қала береді.   


Өткен аптада Сенегал үкіметі қонақүйлерге қауіпсіздікті күшейтуге нұсқау берді.

Куәгерлер көшеде полицейлердің көбейгенін, көліктерді тексеру жиілегенін айтуда.