«1 ай бойы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Астана қаласы әкімінің орынбасарлары баспасөз мәслихатын өткізетін болады. Баспасөз мәслихаттарының кестесімен ortcom.kz сайтынан танысуға болады», — деді ол.
Айта кетейік, бүгін Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун «2015 жылғы елорданың құрылыс саласындағы жұмыстардың қорытындысы» тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізді.