Қытайда сотталған 7 қазақстандық елімізге қайтарылады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда сотталған 7 қазақстандық елімізге қайтарылады

Қытайда сотталған 7 қазақстандық елімізге қайтарылады

 Ақпан айында Қытайда сотталған жеті қазақстандық азамат елімізге қайтарылмақ. Бұл туралы бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында ҚР Бас прокурорының орынбасары Иоган Меркель мәлім етті.

  • 28 Қаңтар 2016
  • 286
Фото - Caravan.kz

«Менің білуімше, Қытайда 24 адам (қазақстандық  ред.)  сотталған. Дегенмен, біз қазірге дейін өзімізде өтеу үшін 5 адамды қайтардық, қазіргі күні  7 азаматты қайтару жұмыстары жүргізілуде», — деді Бас прокурордың орынбасары журналистер сұрағына жауап бере келіп.

Оның айтуынша, ақпан айында берілетін 7 қазақстандық азаматтың ішінде 6-ы есірткі қылмысы бойынша жазаға кесілгендер.


Еске  сала кетейік, жалпы отырыста Қазақстан мен Үндістан арасындағы сотталғандарды өзара беру туралы келісім қабылданған болатын.