Алматы облысында тікұшақ құлаған жерден 5 адамның денесі табылды, іздеу жұмыстары тоқтатылды, деп хабарлады облыстық ТЖД.
"5 адамның мүрдесі де табылды, іздеу жұмыстары доғарылып, құтқарушылар кері қайтарылды", — деді агенттікке сұхбаттасушы.
Бұрын хабарланғандай, Үшаралдан Талдықорғанға науқас баланы жеткізу үшін көкке көтерілген"Аспан" АҚ тиесілі MD-600 тікұшағымен байланыс кеше 16:55-те үілген. Бортта 5 адам — ұшқыш, дәрігер-гематолог, санавиация фельдшері 2015 жылы туылған сәби мен анасы болған.
Тікұшақ сынықтары бейсенбі күні таңертең тау шатқалдарынан табылды. ІІМ мәліметтері бойынша, әуе кемесінде болған адамдардың барлығы қаза болған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 344 бабының 1 тармағы ( абайсызда адам денсаулығына ауыр залал келтірген әуе кемесінің пайдалану мен жүру қауіпсіздігінің тәртібін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.