Сондай-ақ, Д.Жақсыбеков банк GGG белгісі және Геннадий Головкиннің суреті бар «MasterCard» карточкасы шыққанын хабарлады және осындай ең бірінші карточканы Геннадий Головкинге сыйға тартты.
«Цеснабанк» пен Геннадий Головкин арасында жақсы ынтымақтастық бұрыннан бар. Геннадий Головкинмен арадағы ынтымақтастық әртүрлі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді», — деді Д.Жақсыбеков.
«Бұл жаңалықтар мені қатты қуантады. Біздің дамып жатқанымыз қуантады. Қазір банктің елшісі екенімді айтып жүрмін. Цеснабанк — Қазақстанның қаржы ұйымы болғандықтан, бүкіл Қазақстанның елшісіндей болу — мен үшін үлкен құрмет», — деді Г.Головкин.