KASE күндізгі сессиясы: АҚШ доллары 370,90 теңге - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KASE күндізгі сессиясы: АҚШ доллары 370,90 теңге

KASE күндізгі сессиясы: АҚШ доллары 370,90 теңге

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.

  • 28 Қаңтар 2016
  • 276
Фото - Caravan.kz

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

— есептесуі Т+0 теңгемен АҚШ доллары бойынша (USDKZT_TOD)  орташа сараланған бағамы 370,90 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 81 150 мың АҚШ доллары;

— есептесуі T+1 және Т+2 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

— есептесуі Т+0, Т+1 және T+2 АҚШ долларымен және теңгемен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

— есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 4,8034 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 80 000 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 371,55 теңгені (-3,94) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі — 110 650 мың USD (+47 200 мың).


Валюталық своп операциялары нарығында:

— USDKZT_0_001 орташа сараланған бағам +0,2600 теңге (жылдық   (жылдық 30,15 %), сауда-саттық көлемі 771 300 мың USD құрады;

— USDKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар  сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

— EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған  жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға  белгілеулер тіркелген жоқ.

Сауда-саттыққа 25 банк қатысты.