Ұлттық парктен демалыс орындарына жер телімі бөлінеді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық парктен демалыс орындарына жер телімі  бөлінеді

Ұлттық парктен демалыс орындарына жер телімі бөлінеді

Ұлттық парктерден демалыс орындарына жер бөлінбек! Елімізде ерекше қорғалатын аумақтардан жер телімі жалға беріліп, туристік нысандар салынады. Бүгін демалыс орындарына бөлінген жер телімдері бизнесмендерге таныстырылды.

  • 29 Қаңтар 2016
  • 246
Фото - Caravan.kz

Жоба еліміздегі туризмді дамыту мақсатында қолға алынған. Яғни бұл арқылы демалушылар санын арттырып, инвестиция тартуға мүмкіндік тумақ. Туристік нысан салу орнын кез-келген адам, 49 жыл мерзімге дейін жалға ала алады. Кәсіпкер тек аумаққа теңдесі жоқ демалыс орнымен қатар, спорт алаңдарын, атқа мініп серуендеуге арналған орындарды тұрғызуы керек. Мұның бәрін жүзеге асыру үшін берілетін уақыт 4 жыл. Ал қалған 45 жыл ішінде демалыс орны туристер игілігі үшін жұмыс істемек. Енді, ұлттық парктердегі жер аумақтары ақпан айында тендерге түседі. Бұған дейін, Қатон-қарағай, Бурабай және Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық паркіндегі аумақтар бизнесмендерге таныстырылған болатын.

Марлен Айнабеков, «Алатау» ұлттық табиғи паркінің директоры: 

— 4 жыл беріледі. Бірінші жылы құжаттр жинауға, 3 жыл салынуға. То есть, сізде 4 жылыңыз бар. 4 жылда сіз өздеріңіздің ғимараттарыңызды, өздеріңіздің бизнесіңізді қоюға болады.