Сөйтіп, түн жарымында аулада тұрған көліктердің есік-терезелерін ашып, ішінде иелері қалдырған ақша, ұялы телефон секілді құнды заттарды алып кетіп отырған. Тіпті көліктерді бөлшектеп, сатуға да дайындап қойыпты. Жүк көліктерінің де аккумулаторын шешіп алып, олардың әрқайсысын арнайы орындарға 70-80 мың теңгеден өткізген. Қазір осы 2 топтан зардап шеккендердің саны жиырмаға жуықтады. Арыздардың толассыз түсуіне байланысты нақты шығын көлемі де әзірге белгісіз.