Мұндағылар күн сайын директордың кеңсесін аңдып шаршаған. Басшыларымен жолыққан күннің өзінде құр уәдеге тойдырады екен. Енді жалақының жоқтығынан жұмысшылар қарызға белшеден батқандарын айтады. Көбісі несиелерін уақытылы төлей алмай жүр. Бүгін жүргізушілердің тілшілерге шағымданғанын көріп, сабырға шақыруға директор кеңесшілерін жіберіпті. Олар бірақ айлықтың қашан берілетінін тағы айта алмай кері кетті.
Кенжебай Ыбыраев, Ақтөбе қаласының тұрғыны:
-Ешқандай айлық та жоқ, жағдай да жоқ. Міне, қолғап та бермейді. Кредитім кешігіп жатырКөндіреді де кетіп қалады. Директордың өзі келмейді ішке қарай.