Алматы облысындағы тікұшақ апатына қатысты іс ҚК-нің 344-бабы бойынша тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысындағы тікұшақ апатына қатысты іс ҚК-нің 344-бабы бойынша тіркелді

Алматы облысындағы тікұшақ апатына қатысты іс ҚК-нің 344-бабы бойынша тіркелді

2016 жылдың 27 қаңтары күні сағат 16:55 шамасында Алматы облысында MD-600N тікұшағы апатқа ұшырап, оның салдарынан 5 адам қаза тапқан(1 ұшқыш және 4 жолаушы, оның ішінде 1 кәмелетке толмаған бала).

  • 29 Қаңтар 2016
  • 412
Фото - Caravan.kz


Тікұшақтың ұшуы 2015 жылғы 30 желтоқсанда әуе-көлік қызметтерін көрсету туралы жасалған шарттың шеңберінде «Республикалық санитариялық авиация орталығы» РМК-ның өтінімі бойынша «Аспан» әуекомпаниясы» АҚ-ның пайдалануындағы әуе кемесімен жүзеге асырылған. Аталған факті Үштөбе станциясындағы Желілік полиция бөлімінің Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде ағымдағы жылдың 27 қаңтарында Қылмыстық кодекстің 344-бабы бойынша тіркелді(темiржол, әуе, теңiз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу). Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Бас прокурорының тапсырмасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалы Қазақстан Республикасы Бас көлік прокуратурасының арнайы прокурорының өндірісіне қабылданды.  Сонымен қатар «Республикалық санитариялық авиация орталығы» РМК-нің бюджеттік қаражатты пайдалануы және әуе-көлік қызметтерін көрсету заңдылығын сақтауына тексерістер тағайындалды.