Опера әншілері ел аралап концерт қоюға шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Опера әншілері ел аралап концерт қоюға шықты

Опера әншілері ел аралап концерт қоюға шықты

Ардагерлердің қошеметіне бөленген «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында отандық опера әншілері еліміздің шағын қалаларында концерт өткізіп жатыр. Бұл жолы классика жанрының жұлдыздары Қостанай облысының Рудный қаласында өнер көрсетті.

  • 30 Қаңтар 2016
  • 830
Фото - Caravan.kz

Қайырымдылық шарасын «Дегдар» қоры GTI компаниясының қолдауымен жүзеге асыруда. Пианист Тимур Орманшеев пен баритон дауыстың иегері Азамат Жылтыркөзов майдангерлер мен тыл ардагерлеріне жақсы таныс. Өйткені осы үйлесімді жұп пен олардың сүйемелдеушілері еліміздің үлкенді-кішілі қалаларын аралап, концерт өткізіп жүргендеріне 6-шы жыл. Рухани азықпен қоса, қариялардың үйлеріне түрлі дәмнен тұратын себеттер де үлестірілді. Осы уақыт ішінде 4 жарым мың қартқа көмек көрсетілген.

Азамат Жылтыркөзов, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері&:

-Қазақ классикасын, орыс классикасын, шетел классикалық өнердің «ең» деген , керемет деген туындыларын орындап, көрерменге паш етуге келіп отырған әртістерміз. Рудный қаласына тағы келер ойымыз бар тағы концерттермен, жеке концерттермен.