Семейліктер Ертістің жұқа мұзында балық аулағанды қойып, арақ ішуді шығарған - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейліктер Ертістің жұқа мұзында балық аулағанды қойып, арақ ішуді шығарған

Семейліктер Ертістің жұқа мұзында балық аулағанды қойып, арақ ішуді шығарған

Семейлік тәртіп сақшылары балықшыларды тәртіпке келтіре алмай жүр. Олар бастарын қауіпке тігіп, қармақ салғандары былай тұрсын, жұқа мұзда арақ ішуді шығарған. Мұндай отырыстан қалған шөлмектер мен қоқыс өзен суын ластап, балық та құрып бара жатыр екен. Ал полицейлер қылмыс үстінен түспегендіктен, тек ескерту қағаздарын таратумен ғана шектелді. 

  • 30 Қаңтар 2016
  • 257
Фото - Caravan.kz

Бұл Семейді қақ бөлген Ертіс өзенінің бір бөлігі ғана. Мұнда, таңсәріден бастап құрал-саймандарын арқалаған балықшылардың бәрі жиналады. Тіпті, демалыс күндері мұз үстіне тігілген қосындардан ине шаншар орын болмайды. Ал, оның соны ұлан-асыр тойға ұласатын көрінеді. Мына шашылып жатқан шөлмектер соның айғағы. Бірақ, балықшылар жатқан қалдықтарды өзгелер лақтырады деп ақталып отыр.

Амантай Атев, балықшы:

-Балықшылар қоқыс тастамайды. Мұның бәрін шеттен келгендер әкеледі. Сондықтан ана жерді жауып тастады ғой. Көбінесе, машинасы барлар лақтырады.

Өзен суының осылай ластануынан, ондағы балықтың тұқымы жыл санап тұздай құрып бара жатыр екен. Атап айтқанда, бүгінде Ертісте ең көп тараған табан сияқты балық түрлері азайып кеткен. Мұны қармақ салуға құмарлар  жоққа шығармайды. Бұрындары қап-қап балық ұстаса, енді төңіректегі мысықтарды қоректендіріп жүрміз деп мәз. Ал, құтқарушылар балықшылардың мұз үстінде отыруының өзі қауіпті дейді.

Тасболат Көшкінбаев, Семей қалалық судан құтқару қызыметінің әдіскері:

-Қатты аяздар енді басталды. Сондықтан мұздың қалындығы әртүрлі. Бір жерде 25-40 см. Ал, бір жерде 12-20 см ғана қалындығы.

Бірақ, мұны ескеріп жатқан балықшылар жоқ. Ал мәдениетті түрде тынығуға келіп, арақ ішіп кететіндерін жауапқа тарту қарастырылмаған. Тек 5 келіден артық балық ұстамауы шарт.