Жантүршігерлік тікұшақ апатынан кейін санитарлық авиация түгел тексеріліп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жантүршігерлік тікұшақ апатынан кейін санитарлық авиация түгел тексеріліп жатыр

Жантүршігерлік тікұшақ апатынан кейін санитарлық авиация түгел тексеріліп жатыр

Санитарлық авиацияны жан-жақты тексеру басталды. Алматы облысындағы апаттан кейін прокуратура осы қызметтегі тікұшақтарды түгел қарап, бөлінген бюджет ақшасының әр тиынына дейін санап шықпақшы. Ал бір ай бұрын ғана дәрігерлердің пайдалануына беріліп, көкке екінші көтерілгенінде-ақ апатқа ұшыраған әуе көлігі 86 млн теңгеге сақтандырылған екен. Сәрсенбі күні болған осы қайғылы оқиғада 5 адамның өмірі қиылған болатын. Қызмет кезінде қаза болған дәрігерлерді бүгін әріптестері еске алды.  

  • 30 Қаңтар 2016
  • 254
Фото - Caravan.kz

Каршадай қызды құтқарамын деп әуе апатынан қаза тапқан дәрігердердің ертең жер қойнына тапсырылатын болды. Бақытгүл Қайсанова Талдықорғандағы облыстық балалар ауруханасында12 жыл жұмыс істепті. Осы аралықта талай нәрестенің дертіне дауа тауып өміріне араша түскен. Себебі ол облыстағы жалғыз гемотолог маман екен. Сондықтан әуе апатынан опат болған марқұмның орны ойсырап қалды дейді әріптестері.

Марат Досқалиев, Алматы облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері:

Ондай гемотолог дәрігер дайындау үшін 2-3 жыл керек. Өмір жалғасуда. Балаларды емдеуіміз керек. Бақытгүл Қайсанованы ұмытпаймыз.

Аққан ауруына шалдыққан екі айлық қызды облыс орталығына алып келуге де Бақытгүл Қайсанова өзі сұранып барған екен. Себебі сырқат сәбиді көлікпен тасымалдауға жол алыс болған. Сондықтан тікұшақпен жеткізуге тура келіпті. Алайда қаршадай қыздың өміріне араша іздеген дәрігерлердің өздері ажал құшып отыр.  

Қайрат Сағадиев, Алматы облыстық балалар ауруханасының дәрігері:

-Бірге істегенімізге қуанам. Жақсы маман. Өз жұмысын жақсы біледі. Балалар үшін, аурухана  үшін көп еңбек сіңірген адам деп ойлаймын.

Әуе апатында қаза тапқан Гүлнұр Хамитованы да жерлеу рәсімі ертеңге жоспарланған. Фельдшер санитарлық авиация қызметіне бір жарым жыл бұрын қабылданыпты. 23 жастағы жас маман жақында тұрмысқа шыққалы жүрген екен. Жоғарғы оқу орнына түсіп, білікті дәрігер болуды армандаған.


Баян Ноғайбекова, Алматы облыстық ауруханасының жедел және жоспарлы көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі:

-Өте көңілді, елге көмектесуге дайын тұратын. Өте білімді болды. Училищені жақсы бітіріп шығып, қиын кездерде шұғыл шешім қабылдай алатын. Коллектив оны сыйлайтын.

Бес адамның өмірін жалмаған МД-600 тікұшағы Санитарлық авиация қызметіне осы жылы берілген екен. Содан бері әуе көлігі тек екі рет қана көкке көтерілген. Алайда соңғысында апатқа ұшырап отыр. Ал өткен жылы дәрігерлер басқа тікұшақпен 100 мәрте көкке көтеріліп, ауыр науқастарға көмек көрсеткен. Енді бұл жолғы апаттан кейін Санитарлық авиация қызметі жан-жақты тексерілмек. Бас көлік прокуратурасы бөлінген ақшаның әр тиынына дейін қайта есептеп шықпақ.