Германияда дәстүрлі су үстіндегі карнавал өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Германияда дәстүрлі су үстіндегі карнавал өтті

Германияда дәстүрлі су үстіндегі карнавал өтті

Германияның Нойбург қаласында дәстүрлі су үстіндегі карнавал өтті. Мұнда күннің суығына қарамастан, 2 мыңға жуық адам Дунай өзеніне сүңгіген, деп жазады 24.kz.

  • 1 Ақпан 2016
  • 252
Фото - Caravan.kz

Қатысушылардың көбі тоңып қалмас үшін арнайы жабдық, оның сыртынан мерекелік костюм киіп алыпты. Алайда жүрек жұтқан 40 кісі мұздай суға жай ғана шомылу киімімен түссе керек.

Судан шыққаннан кейін жылыну үшін барлық қатысушыларға ыстық сорпа таратылыпты.

— Мен құтқарушы болып жұмыс істеймін. Сенесіздер ме, бұл шараға 40 жыл қатысып келемін. Сол себепті қыста суға түсуде тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын, — дейді қатысушы Франц Веснер.