Қазақстанға бір тоннаға жуық етті заңсыз алып өтпек болған Қырғызстан азаматы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанға бір тоннаға жуық етті заңсыз алып өтпек болған Қырғызстан азаматы ұсталды

Қазақстанға бір тоннаға жуық етті заңсыз алып өтпек болған Қырғызстан азаматы ұсталды

Қазақ-қырғыз шекарасында шекарашылар бір тоннаға жуық қой етін өткізбек болған қырғыздың жолын кесті, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен.

  • 1 Ақпан 2016
  • 332
Фото - Caravan.kz

Қордай шекара отрядының «Қарасу-авто» бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары Қырғызстаннан 38 қорап етті заңсыз өткізуге әрекеттенген 34 жастағы қырғыз азаматын ұстады. Қораптағы етті өлшегенде жалпы салмағы 900 келі болған. 


«ДАВ» автокөлігімен келе жатқан азаматқа қатысты материалдар Жамбыл облысы Қордай аудандық ветеринарлық қызметіне тапсырылды.