Ақмола облысында жол апатынан 1 адам көз жұмып, бесеуі зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында жол апатынан 1 адам көз жұмып, бесеуі зардап шекті

Ақмола облысында жол апатынан 1 адам көз жұмып, бесеуі зардап шекті

Ақмола облысында «Алматы-Екатеринбор» тас жолында жол-көлік оқиғасы орын алып,  1 адам көз жұмды және тағы 5 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

  • 1 Ақпан 2016
  • 348
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы «Қазавтожол» хабарлайды.

«Жол апаты 31 қаңтар күні кешкі уақыт 20:45 минут шамасында Аршалы ауданы аумағы арқылы өтетін «Алматы-Екатеринбор» тас жолының  1308-ші  шақырымында орын алған. Жолдың қарсы бағытына шығып кеткен «Лада Приора» көлігі «Тойота Сиенна» көлігімен соқтығысқан. Осының салдарынан алғашқы көліктің 1986 жылғы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ,  тағы 5 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді», — деп көрсетілген хабарламада.