Бұл туралы Бурабай курорттық аймағында былтыр 16 қазанда өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысында Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко хабарлады. «Келесі жылы 1 ақпаннан бастап Армения Еуразиялық экономикалық комиссияға төрағалық етеді деп шештік», — деп мәлімдеді ол.
Бұдан басқа, 1 ақпаннан бастап ЕЭК Арменияның бұрынғы премьер-министрі Тигран Саргасян басқаратыны туралы шешім қабылданды.
Тигран Саргсян ЕЭК Алқасының төрағасы лауазымына тағайындалғанға дейін АҚШ-тағы Армения Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі болған. Бұдан бұрын ол Армения Премьер-Министрі болды.