— Алексей Геннадьевич, құраманы үшке бөлу не үшін қажет болды?
— Осы маусымда бірінші жиын қалпына келтіру болып табылады. Мен бәріне таңдау құқығын бердім. Команданың әр мүшесі оны қайда, қалай өткізем десе өзі біледі. Дәстүрлі түрде жылды Текеліде қаңтарда бастадық. Алайда биыл Сочидегі ресейлік базаға қолжетімділік алдық. Барғысы келгендер бізбен бірге барды.
— Ұзақ уақыт көрінбей кеткен Зульфия Чиншанлоны көрсеттіңіз. Ол туралы қандай жаңалықпен бөлісесіз?
— Чиншанло о бастан Риодағы Олимпиадаға өз жеке жоспарымен әзірлік үстінде. Ол Бразилияда ғана толық дайын болады. Оған дейін ол Талдықорғанда өтетін Қазақстан чемпионатына қатысады. Қазір ол екі дүркін олимпиада чемпионы атану үшін дайындалып жатыр.
— Соңғы сұрағым — Олимпиада-2016-ға дайындықтың келесі қадамы қалай жалғаспақ?
— Сочиден кейін команда бөлігі 15 ақпанда Қытайға ұшады, қалған бөлігі Еуропада қалады. Ал үшінші бөлігі Текеліде жаттығады. Команданың жағдайлары жақсы. Көңіл күйлері өте жоғары деңгейде. Олимпиадалық ойындарға жарты-ақ жыл қалды…
Еске салсақ, ауыр атлетика бойынша Қазақстанның ұлттық құрамасы осы жылы алғаш рет Сочиде 10 ақпанға дейін жалғасатын оқу-жаттығу жиынына кірісті. Команданың тағы бір бөлігі Варшавада. Қалған штангышылар Қазақстанда дайындалуда.