Бұдан бұрын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәжіліс депутаттарын кезектен тыс сайлауды 20 наурызға белгіледі. Сонымен қатар 20 наурызда мәслихат сайлауы өтеді.
"Біздің партияның негізгі міндеті мемлекеттің дағдарысқа қарсы шаралары — "100 қадам" ұлт жоспары реформасын іске асыруға атсалысу болып табылады. Біздің партияға коммунистік қағидаларды жетілдіру аясында жақтастарымыздан жаңа сенім мандатын алу қажет", — деді сейсенбіде съезде ҚКХП ОК хатшысы Тұрғын Сыздықов.