Сейсенбі күні Атырауда төрт көлік соқтығысып, бір адам мерт болды.
Əуежайға барар жолда "Киа Рио" көлігі "Тойота Ланд Крузермен" қақтығысқан. Содан соң жолдың қарсы бетіне шығып кеткен Киа "ВАЗ-21014" жəне "Нива" көліктерін соққан.
Салдарынан "Ниваның" жолаушысы — 39 жастағы əйел мерт болды. Апат себептері анықталып жатыр.