Құрылысқа берілетін рұқсат құжаттары «Е-Үкімет» арқылы беріле бастайды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құрылысқа берілетін рұқсат құжаттары «Е-Үкімет» арқылы беріле бастайды

Құрылысқа берілетін рұқсат құжаттары «Е-Үкімет» арқылы беріле бастайды

2016 жылдың 1 наурызынан бастап, құрылысқа берілетін рұқсат құжаттары «Үкімет - азаматтар үшін» корпорациясы және «Е-Үкімет» Электронды порталы арқылы беріледі.

  • 3 Ақпан 2016
  • 313
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов мәлім етті.

Бұл құжаттар толық жиынтықта ұсынылатын болады. Яғни, сәулет-жоспарлау тапсырмасы, теxникалық шарттар, сыртқы инженерлік желілердің сызбалары және тағы басқа көптеген қағаздар бір мезгілде берілмек.

«Жоспарлау мен құрылысқа қажетті рұқсат құжаттарды беру уақыты да екі есеге дейін қысқартылды. Қазіргі уақытта жоба күрделілігіне байланысты құжатты алу уақыты 40 жұмыс күннен 17 күнге дейін қысқарды», — деді М. Жайымбетов.


Сонымен қатар жоба сызбасын келісу бойынша жұмыстардың мерзімі де азайтылды . Оның мерзімі 60-тан 15 жұмыс күнге дейін қысқарды.