Ақтөбе облысының құтқарушылары ауру баланы эвакуациялады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысының құтқарушылары ауру баланы эвакуациялады

Ақтөбе облысының құтқарушылары ауру баланы эвакуациялады

Ақтөбе облысының ТЖД Жедел-құтқару жасағының кезекші бөліміне Хромтау ауданының Табантал ауылында ес-түссіз жатқан 12 жастағы қызға медициналық көмек керек екендігі туралы хабар келіп түсті, деп хабарлайды облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі.

  • 3 Ақпан 2016
  • 350
Фото - Caravan.kz


Қатты боран мен дауыл салдарынан ауылдан қалаға барар күре жолда қатынас үзіліп, тіпті трактордың көмегімен де жолға шығу мүмкін болмайды.

Осы жағдайда жасақ құтқарушылары жедел көмекке келеді. Құтқарушылар өтімдігі жоғары «Трэкол» автомобилімен ауылға жетіп, бала мен туыстарын жеңіл автокөлік күтіп тұрған республикалық жолға жеткізіп салды. Одан әрі қыз бала Ақтөбе қаласындағы емханаға әкелінді. Құтқару жұмысына Рустам Жанкулов жетекшілік етті. Құтқарушылардың жедел іс-қимылы арқасында қыз бала құтқарылып, есін жиды. Қазір қалалық емханада емделуде.